Павлодарлық жастар президент жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» акциясын қолдады

Павлодарлық жастар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Қоқысыз таза табиғат» жалпұлттық акциясын қолдады.

Бүгін жүздеген жас қолға құрал алып, Усолка өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Экологиялық бастамаға қала тұрғындары да қатысты. Көпшіліктің өзен жағасын таңдағаны бекер емес. Бұл аумаққа келімді-кетімді кісі көп. Олардан соң қалатын қоқыс та аз емес. Енді жалпыұлттық акция өңірдің қала, аудандарында жалғасын табады.

Русана Самекова, "Жасыл ел" студенттік жасақтары облыстық штабының командирі:

- Шараны қолдап, Усолка шағын ауданына келдік. Жерлестеріміз тыныққан соң өзен жағасына пластик, шыны сияқты тұрмыстық қалдықтарды үйіп кетеді. Біз, жастар бұған бей-жай қарамай сенбілік өткізуді ұйғардық. Алдағы уақытта Павлодардың өзге де көрікті орындарын қоқыстан тазартпақпыз.