Астана тұрғындары Есілге балық жіберу процесін тамашалады

Астана тұрғындары Есілге балық жіберу процесін тамашалады

Елордадағы Есіл өзеніне балық шабақтары жіберілді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінен мәлім болды.

«Жыл сайын өткізілетін бұл жұмыста барлық балық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады. Бұл еліміздің су айдынындағы балық түрлерінің санын реттеу үшін маңызды», – деді қала әкімдігінен.

Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығының инкубациялық цехтарынан Есіл өзеніне 100 мың ақ амур, 96 798 тұқы балығының шабағы жіберілді. Күз – өзенді балыққа толтырудың ең жақсы кезеңі. Балық шабақтары Есіл өзеніне арнайы жабдықталған көліктермен тасымалданды.

Өзенге балық жіберу процесін балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы жанындағы экология үйірмесінің 8-сынып оқушылары мен елорда тұрғындары тамашалады. Сондай-ақ іс-шараға қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы, Есіл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы; қалалық экология департаменті; Ақмола облысы бойынша «Қазақбалықшаруашылығы» балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жаснұр»ЖШС мен «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» ЖШС өкілдері қатысты.