Өрт сөндірушілер бір тәулікте 57 рет шақыртуға шыққан – ШҚО

Олар түні бойы тілсіз жаумен күресті деп хабарлайды облыстың Төтенше жағдайлар департаменті.

Зайсан, Глубокое, Ұлан аудандарында, оның ішінде Алтай мен Өскемен қаласында өрт ауыздықталды. Барлығы 120 бірлік техника және 700-ге жуық адам жұмылдырылды. Ал Күршім ауданы мен Маралды ауылдық округінің аумағында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 2 мың гектардан астам жерді шарпыған. Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, тұрғын үйлер мен саяжайлардағы өрттің басым бөлігі қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындаған.