А. Ғиният: ауылдық жерлерде нәресте өлімі көбейді

Елімізде ауылдық жерлердегі нәрестелер өлімі 30,6% өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұндай жантүршігерлік статистиканы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты. Нәрестелер өлімі әйелдердің денсаулығына тікелей байланысты. Енді болашақ аналар мен балалардың денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдерді бақылау күшейтіледі.

«Бұндай шара жүктілік кезінде болуы мүмкін асқынуларды уақтылы анықтауға және болжауға мүмкіндік берді», – дейді министр.

Жалпы халық денсаулығының сараптамасы ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қаламен салыстырғанда жоғары екендігінін көрсетті. Былтыр шаһар тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 69,91 жас болса, ауылда 70,79 болған екен.