Арал аймағында туризм кең қанат жайып жатыр

Өзбекстанда Арал теңізінің тартылған табанын көруге мыңдаған саяхатшы барады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Экологиялық апат орнында туризм кең қанат жайып жатыр. Адамзаттың қасіреті жер-жерден жиналған саяхатшыларға танымдық тур арқылы көрсетіледі. Қарақалпақстан үкіметі бұрынғы кемежай аймағында арнайы музей ашқан. Бір кездері теңізде жүзген кемелер қаз-қатар тізіліп тұр. Алып су айдыны жағадан бірнеше шақырым алыстаса да, балығының дәмі жергілікті тұрғындардың таңдайынан кетпеген. Мұнда жыл сайын «Арал балықтарынан 99 түрлі тағам» гастрономиялық фестивалі өтеді. Биыл да үрдіс үзілген жоқ. Қарақалпақстандық аспаздар балықтың 100-ден астам түрінен тағамдарын ұсынды.

Тамара Әділбаева, аспаз:

- Бүгін ата-бабаларымыздан қалған ұлттық тағамды пісіріп жатырмыз. Бізде «қарма» деп атайды. Бұл – тек қарақалпақтардың тағамы. Өзбекте палау болса, бізде қарма.

Елшод Валиев, Туризм және мәдени мирас министрлігінің баспасөз қызметкері:

- Бүгінде Арал теңізі жоғалып бара жатса да, Мойнақ халқының теңізбен тығыз байланысты тірлігі сақталып қалған. Осының ішінде бірінші кезекте асханамыз. Милли тағамдарымызды мысал ретінде айта аламыз. Әлбетте Мойнақтың осындай өзгешелік мемлекеттің туризмін дамуына үлесін қосады.