Ақтауда тәтті тағамдар фестивалі өтті

Каспий жағалауындағы тақырыптық саябақта тәтті тағамдар фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Ақтаудағы мейрамхана-дәмханада жұмыс істейтін 20-дан астам аспаз қатысты. Кондитерлік өнімдерден тек қазылар алқасы ғана емес, көрермен де дәм татып өз бағасын берді. Бұл күні тұрғындар мен туристер саябаққа тегін кіріп, атракциондарда ақысыз көңіл көтерді. Фестиваль аясында ұлттық тағамдар жәрмеңкесі де өткізілді. Жергілікті кәсіпкерлер өздері дайындаған нан-сүт өнімдерін көпшілікке ұсынды. Алдағы уақытта Ақтауда тағы бірнеше танымдық шара өтеді деп жоспарланған.

Серік Исағалиев, ұйымдастырушылар алқасының мүшесі:

- «ҚазТуризм» мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қазан, қараша айында Маңғыстау облысында 20 іс-шара ұйымдастырғалы отыр. Оның ең алғашқысы – «BalQaimaq food» фестивалі. Жазғы маусым аяқталса да, қыс түскенше қонақтар тек теңізді тамашалауға ғана емес, дәмді тағамдарымыздан ауыз тию үшін де келе алады.