Шымкентте жылу бағасы арзандайды

Келер жылдан бастап Шымкентте жылу жүйесіне қатысты тариф бағасы төмендейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешім қаладағы жылу орталығының инвестициялық бағдарламасын іске асыру туралы есебін талдаудан кейін қабылданды. Табиғи монопилияларды реттеу департаментінің өкілдері зерделеу кезінде мекеменің негізсіз пайдаға шыққанын анықтаған. Жалпы тарифтің өтем сомасы 486 миллион 764 мың теңгеге жетіп, жылу үшін уақытша төлем 7,1 %-ға төмендетілді. Бірақ бұл шешіммен монополист компания келіспейді. Қаланы жылумен жабдықтаушы «Қуат жылу орталығы» заң аясында өз шағымын білдірді. Қорытынды шешім алдағы уақытта белгілі болады.

Айсұлу Әлібекова, табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары:

– Биыл жылудың көлемі орындалып отыр. Жоспарлы табыс алынды. Алайда бекітілген баптар бойынша негізсіз алған табыс анықталып отыр. Салдарынан уақытша өтемдік тариф бекітілді. 7,1 %-ке тариф төмендетіліп отыр.