Риддерде тозығы жеткен тұрғын үйлердің сыртын қалыпқа келтіру жоспарланды

Риддерде тозығы жеткен тұрғын үйлердің сыртын қалыпқа келтіру жоспарланды

Риддер қаласындағы жергілікті сәулетшілер осыдан 60-70 жыл бұрын салынған тұрғын үйлердің сыртын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Балкондары ескіріп, тозығы жетіп тұрған баспаналарды қайта әрлеу мәселесін ең алдымен жергілікті депутаттар көтерді. Олардың айтуынша, бұл жобаға қайткен күнде қаржы бөліну керек.

Риддер тамаша табиғат ортасында тұрғанмен қаланың сәні мен сәулеті кете бастаған.Оған әсіресе ескі ғимараттар мен үйлердің көптігі әсер етіп тұрғаны рас. Қаншама сапалы салынғанымен, жел мен күн жеген көпқабатты баспаналардың сырты сыпырылып түсе бастаған. Балкондар кез келген уақытта құлауы мүмкін.Бұл жергілікті тұрғындарды да алаңдатып отырған жай. 

БЛИЦ:

- Орталықтағы Тәуелсіздік көшесінде бетке ұстар бір үй жоқ.Барлығын жаңарту керек.

- Әне барлығы түртіп қалсаң үгітілейін деп тұр. Жөндеу қажет.

Бірақ  қалалықтар қалпына келтіру жұмыстары тек есеп үшін емес, сапалы болса деген тілектерін жеткізді. Өйткені кезінде тұрғындарға жалдамалы үй ретінде берілген мына баспананың сыртқы жөндеуі ешкімге ұнамапты. Енді оны қайта алдыра алмай жүр. 

Анастасия Палийчук, Риддер қаласының тұрғыны:

- Біз мына бір кафельді алып тастағанын қалаймыз.Қыста  сөгіліп түсіп қала ма деп алаңдап отырмыз.Бірақ әзірге ол ұсынысымызды ешкім қолдамай отыр.

Дегенмен, жергілікті билік ескі үйлерге жаңа әр беруге үлкен жауапкершілікпен қараймыз деп сендіріп отыр. Қазір осы жобаға бөлінетін қаржы мөлшері анықталуда. 

Нұрсұлтан Көккөзов, Риддер қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Шаһарды бірыңғай сәулеттік келбетке келтіру сұрақтары талқыланып жатыр. Біз өз тарапымыздан  қаламыздың жаңара түскенін қалаймыз.

ГРАФИКА

Степногорск- 91,04%-үй

Риддер -90,65%-үй

Қарағанды-83,17%-үй

Балқаш-83,11% үй

Өскемен-75,65% үй

Семей-75,36% үй

Петропавл-74,43%-үй

Жалпы Риддер қаласындағы тұрғын үйлердің 90 проценті қайта жөндеуге жатады.Ел бойынша салыстыратын болсақ, Степногорск қаласымен шамалас. Ол шаһарда 91 пайыз үй тозып кеткен. Ескі үйлер мөлшері Қарағанды мен Балқаш қалаларында 83 процентті көрсетсе, Өскемен, Семей, Петропавл 75-74 процент екен.

Кеншілер қаласының келбетін өзгерту шаралары нақты қашан басталатыны белгісіз. Айта кететін бір жайт, жақында ел Президенті шағын қалалар алпауыт кәсіпорындарға басыбайлы тәуелділіктен арылып, өз алдына таза әрі жасыл желекті елді мекендерге айналу қажеттігін баса айтқан болатын.

Эльмира Ахметова, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин