Аңыз адам – Наум Шафер дүниеден өтті

Аңыз адам Наум Шафер 91 жасында өмірден өтті. Тарихи тұлғаның есімі жұртшылыққа музыкатанушы, әдебиетші, тарихтың дыбысты шежіресін жинақтаушы ретінде кеңінен танымал, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол әлемдегі жалғыз грампластинкалар музейінің иесі болды. Музейдің алтын қорында 27 мың күйтабақ сақталған. Наум Григоревич Шафердің музей үйі 2001 жылы өнер иесінің жеке күйтабақтар коллекциясының негізінде ашылды. Алғашқы граммофон күйтабақтары 1898 жылы жазылған. Еске сала кетсек, Шафер Наум Григорьевичтің шын аты Нахман Гершевич. Ол 1931 жылы 13 қаңтар күні Кишинев қаласында туған. Қазақстанға депортациямен келген. Наум Шафер – Евгений Брусиловскийдің шәкірті. Өткен ғасырдың ортасында ел аралап жүріп, мол мұра жинаған. Оның ішінде Күләш Байсейітова, Жамал Омарова, Роза Бағланова, Әміре Қашаубаев сынды көптеген өнер саңлақтарының таспаға түскен әндерінің түпнұсқалары бар. 

Сондай-ақ...