Ақсу қант зауыты өнім қабылдамайды – Жетісу облысы

Ақсу қант зауыты биыл қант қызылшасын қабылдамайды. Себебі өнім аз егілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны өңдеу тиімсіз әрі өндіріс орны енді қамыс құрағынан қант алу ісін жолға қоймақ. Қазір мекемеде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал шаруалар өнімін Көксу қант зауытына өткізе бастады. Олардың тасымал шығынының бір бөлігі өтеледі. Мәселен, Сарқан ауданы шаруаларына қызылшаның әр тоннасына 5 мың теңгеден беріледі. Ал Ақсу, Ескелді, Көксу, Талдықорғандықтарғаа бір тонна үшін 3 мың мен мың теңге аралығында төленеді.

Айта кетейік, биыл өңірде 6 мың гектарға қант қызылшасы егілді. Одан 200 мың тонна өнім жинау көзделсе соның 40 мың тоннасы зауытқа жеткізілген. 

Бақтияр Шәмпіков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Көксу қант зауытының қуаттылығы 250 мың тонна. Сондықтан осындай шешім қабылданған болатын. Бір қант зауытын жүктейміз де, СКЛ  келесі жылдан бастап тағы егіс алқаптары 8 мың гектарға дейін ұлғайтылады. Сол кезде бір бөлігі Ақсу қант зауытының жүктемесіне бағытталады.