Қостанай облысында жолды толық жөндеуге мердігер табылмай тұр

Қостанай облысында жолды толық жөндеуге мердігер табылмай тұр

Ахмет Байтұрсынұлы ауылына баратын жолдың 41 шақырымы биыл жөнделуі керек еді.

Бірақ 26 шақырымы ғана асфальтталады. Қалған жұмысқа қаржы бөлінгенімен, оны атқаратын мердігер жоқ. Қазір жолдың тек он бір жарым шақырымы толық бітті. Енді төрт шақырым ғана қалды. Ал құны бір миллиард теңгеден асатын 15 шақырымдық бөлігін жөндеуге бес рет конкурс жарияланды. Бірақ оған ешқандай мердігер қатыспаған. Жалпы, бастапқыда жобаға 2 миллиард 800 миллион теңге бөлінген. 

Олжас Нұрғалиев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Асфальт зауыты жөндеу жүретін жерден 200 шақырым, ал қиыршық тас алатын орын 350 шақырым қашық. Бұл мердігер үшін тиімсіз. Бірақ жол салынбайды деген сөз емес. Қымбаттаушылықты ескеріп жұмыстарды келер жылы жалғастыруды жоспарлаймыз.