Теңіз шекарашылары жүзден астам бекірені құтқарды

Маңғыстаулық теңіз шекарашылары 100-ден астам бекіре балығын құтқарды. Осылайша мемлекетке келетін 220 млн теңгеге жуық шығынның алдын алды.

Сондай-ақ броконьерлер торына шырмалған 9 итбалықты да табиғи ортасына жіберген. Қазір Каспий маңы мемлекеттері шекарашыларымен бірлескен жедел алдын-алу шарасының 2-кезеңі өтіп жатыр. Қазан айы басталғалы бері 4 күдікті ұсталып, оларға 122 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ 4 қайық пен жалпы ұзындығы 27 шақырымнан асатын ау құралдары тәркіленген.

Рустам Исмаилов, ҚР ҰҚК ШҚД жағалау күзеті басқармасының маманы:

- Көрші елдердің шекара қызметімен бірлескен іс-шара Каспий теңізінің биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған. Қыркүйек айында жүргізілген бақылау рейді кезінде шекара режимін бұзған 14 күдікті ұсталды. Жапы ұзындығы 11 мыңнан астам ау-торлар мен 9 қайық тәркіленді. Тірі күйде болған 160-қа жуық бекіре тұқымдас балықтар теңізге жіберілді.

Сондай-ақ...