Алматыдағы «Желтоқсан» саябағына мыңға жуық ағаш егілді

Алматыда республика күніне арналған шаралар басталып кетті.

Мерекеге орай Түркісіб ауданында орналасқан «Желтоқсан» саябағына мыңға тарта ағаш егілді. Оған желтоқсан көтерілісіне қатысушылар мен қала тұрғындары, экобелсенділер атсалысты. Алматылықтар  бірауыздан 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Мемлекеттік егемендік туралы» декларацияны «ел тарихындағы ең маңызды оқиға» деп санайды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Өнерпаздар патриоттық әндер айтып,  түрлі музыкалық аспапта қазақтың халық шығармаларын орындады. Ал спорттың түрінен де жарыстар ұйымдастырылды. Еске сала кетейік, «Желтоқсан» саябағы былтыр желтоқсан айында ашылған болатын. Бұл қаладағы ең үлкен демалыс орындарының бірі. Ауданы 100 гектардан асады.

Нұрлыбек Қуанбаев, қалалық «Желтоқсан қоғамы» ұйымының төрағасы:

- Өзім желтоқcандық болғаннан кейін айтайын дегенім желтоқсан көтерілісінің маңызы осы жерде түрткі болды деп айтуға болады. Себебі бұл бүкіл Кеңестер Одағының одан қалды социалистік жүйені мысалы, Шығыс Европадағы Куба, Вьетнам сияқы социалистік елдерге түрткі болып солардың өздеріне егемендік алуына түрткі болды деп ашық түрде айта аламын.