Ақтауда Қасым және Жомарт есімді егіздер тұрады

Олар Президент Тоқаев секілді мамыр айында дүниеге келген. Тек күндері басқа.

Білімге зерек егіздер №11 мамандандырылған физика-математикалық лицейдің 8-сыныбында оқиды. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Екеуі де болашақта дипломат болуды армандайды. Әріптесім Талғат Исламұлының бейнесюжеті.

Қасым мен Жомарт 2009 жылы Ақтауда туған. Мектепке барған соң бірдей есепке жүйріктігін байқатқан. Қазіргі сүйікті пәндері - математика және көркем әдебиет. Сабақтан бос уақытында бокс үйірмесіне барады. Оқуға зерек егіздер әртүрлі білім сайысына қатысып, жүлделі орын алған. 

Жомарт Ерланұлы, оқушы: 

Қасым Ерланұлы, оқушы:

- Менің бауырым Жомарттың айтуынша, біздің арманымыз бірдей. Біз өскен соң политик болғымыз келеді. Сол арманымызға жету үшін біз әрине көп оқуымыз керек. Арманымызға жетеміз деген ойдамын.

Қос ұлға есімін президент Тоқаев сияқты саясаткер болсын деген тілекпен Түркістандағы әжесі қойыпты. «Мемлекет басшысы теледидардан сөйлесе, дереу отыра қалып сөзін тыңдайды» - дейді әкесі. Ұстаздарының айтуынша, егіздер атына заты сай. Үнемі ізденісте жүреді. Алдағы уақытта қытай, француз тілдерін үйренуді мақсат қойған. 

Ерлан Мәуленов, егіздердің әкесі:

- Былтыр Дубайға барып келді. Сол жақтан ағылшын тілінен сайысқа қатысты. Еліне пайдасы тиетін азамат болып өсуіне анасымен бірге тәрбиелеп, атсалысып жатырмыз. 

Ақтаулық егіздер үйдің үлкені. Олардан кейін Іңкәр және Кәусар есімді қыздар өсіп келеді. Қасым мен Жомарттың асыл арманы - ел Президентімен кездесіп, еркін сұхбат құру.

Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев, Ренат Досалиев