СҚО-да шетелдік дәрігерлердің көмегімен жүрекке бірегей операция жасалды

Жүрек потологиясы бар егде жастағы науқастарға транскатетерлі қолқа қақпақшасын имплантациялау бойынша шеберлік сағатты Швейцария мен Германиядағы алдыңғы қатарлы клиникаларының мамандары өткізіп жатыр.

Бұрындары Солтүстікқазақстандық науқастар жүрек клапонын ауыстыру үшін Астана мен Алматы, одан қалды өзге мемлекеттерге баратын. Қазір бірегей операция Петропавлда жасала бастады. Әзірге тек шетелдік ақ халаттылардың көмегімен. Дәрігерлер жергілікті мамандарға транскатетерлі қолқа қақпақшасын имплантациялаудың жаңа әдісін көрсетуде. 

Кейт Дж Олдройд, Еуропалық кардиологтар қоғамының мүшесі, профессор:

- Бұл – күрделі операция. Сондықтан жергілікті дәрігерлер оны өздігімен жасай алмайды. Оған үлкен тәжірбие керек. Дей тұрғанмен мамандардың шеберлігі жаман емес. Сәтін салса, олар келер жылы біздің қашықтықтан бақылауымыз арқылы осы шаруаны атқара береді деген сенімдемін. 

Қарт адамдардың жүрегіне операцияны ашық түрде жасауға болмайды. Себебі денсаулықтары сыр беруі мүмкін. Сондықтан ол жамбас артериясы арқылы өткізіліп, науқасқа жасанды  клапон орнаталады.

Азамат Мағзұмов, облыстық Көпбейінді ауруханасының кордиологиялық орталық директоры:

- Жасы үлкен, қосымша көп аурулары бар, яғни жүрек ауруы, қант диабеті және басқа да асқынған аурулары бар сырқаттарға жасалады. Мұндай адамдарға ашық жүрекке жасау мүмкін емес. Өйткені олар мұндай ауыр операцияны көтере алмайды. Ал мынау – жоғары технологиялық операция.

Мұндай операция құны шамамен 6 млн теңгеден асады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына ол тегін жасалынады. Шетелдік мамандар бұл жолы үш солтүстікқазақстандыққа осындай тәсілмен жасанды клапон орнатпақ.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов