Елімізде электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында энергетика жүйесіне өзгеріс енгізу тарифке әсер ететінін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңартылатын энергия сақтау мақсатымен бірқатар елдер жұмыс істеп жатыр. Өкінішке қарай, бұл саладағы технологиялар әлі жеткілікті дамыған жоқ. Сонда да Біріккен Араб Әмірліктері және Франция компанияларымен келіссөз жүргізу мақсаты тұр. «Болашақтағы стансаларды осындай энергия қуатын сақтайтын қондырғылармен жабдықтау мәселесін талқылап жатырмыз», – деді ведомство басшысы. Сондай-ақ министр алдағы жылыту маусымына дайындық жөнінде есеп берді. Айтуынша, өңірлердегі энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың дайындығы 95% жеткен.