Петропавлда Республика күніне арналған бағдарлама апта соңында басталады

Петропавлда Республика күніне арналған бағдарлама апта соңында басталады

Республика күні мерекесі еліміздің солтүстігінде де кең көлемде аталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мейрамға арналған бағдарламалар апта соңында басталады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Мәдениет, білім беру мекемелерінде ғылыми-практикалық жиындар, көрмелер, спектакльдер және елдік пен бірлікті насихаттайтын, түрлі акциялар ұйымдастырылады. Мұнымен қоса, айтулы күнге орай аймақта 15 әлеуметтік маңызы бар, нысан ашылады деп жоспарланып отыр. Ал 25 қазанда қаланың орталық демалыс саябағында жергілікті көркемөнерпаздар мен әншілердің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

Досбол Әбдіриисов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

– Мерекелік күн тәртібінің жеке блогы жаппай халықтық мерекелерді ұйымдастыруға және өткізуге, жаңа маңызы бар объектілерін ашумен жалғасатын болады. Сонымен қатар қуанышты жәйт, АҚШ-тың бүкіләлемдік чемпионатында гран-при иеленген «Сенситив» би ансамбльі Астана Опера театрында ел басшылығының қатысуымен өтетін басты концертке қатысатынын атап өткім келеді.