Бүгін – тілсіз жаудың тілін тапқан құтқарушылардың кәсіби мерекесі

Өлім мен өмірдің арасында жүріп, өзгенің саулығы үшін өзінің басын бәйгеге тігетін бейбіт заман батырларының еңбегі өлшеусіз, деп хабарлайды «Хабар 24»

Биылғы дала өрті мен ормандағы алапат от бұл сөзді тағы да растады. Жалпы жыл басынан бері елде он мыңға жуық төтенше жағдай тіркеліп, мыңнан аса адам зардап шеккен. Тек құтқарушылардың қайтпас қажырлығы мен кәсіби шеберлігі адам шығынын азайтып, тілсіз жауды жылдам ауыздықтауға мүмкіндік берді. Дәлірек айтсақ, биыл төтеншеліктер 10 мыңға жуық адамды құтқарып, 60 мыңнан аса тұрғынды эвакуациялады. Қазір бұл салада 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді.