loader


Елдегі кәсіпорындарда 134 адам опат болды

Биылғы тоғыз айда елдегі кәсіпорындарда 134 адам қаза тауып, мыңға тарта азамат зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 5,8 процентке төмен. Қайғылы жағдайлар жұмысшылар мен кәсіпорын басшыларының қауіпсіздік талаптарын сақтамауы себеп. Әсіресе өнеркәсіптік өңірлер Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында зардап шеккендер көп. Оқыс оқиғаның дені тау-кен металлургия кешендерінде және құрылыс алаңдарында тіркелген. Осындай дерек келтірген министрлік өкілі сақтандыру мәселесін түсіндірді.

Сондай-ақ...