Талдықорғанда жарылыс болды

Бүгін Талдықорғанда таңғы 05:00-те жарылыс болды, деп хабардайды «Хабар­­ 24».

Жарылыстың  дыбысы қаланың екінші бөлігіне дейін естілді. Оқиға Желтоқсан көшесіндегі кәсіпорынның аумағында болды. Салдарынан  50 шаршы метрлік нысанның қабырғасы құлап, шатыры опырылды. 20 шаршы метр жер отқа оранды. Оқыс оқиғаның кесірінен 1982 жылғы жігіттің бетін және қолын күйік шалған. Мамандар күзетші отыратын контейнерге газ жиналып, дүмпу тудырған деп болжам жасап отыр. Қазір оқиға орнында тексеріс жүргізілуде.