Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мерекелік іс-шара өтті

Республика күні – тәуелсіздігіміздің жаршысы, ел болып ірге қалауымыздың белгісіне айналған тарихи күн.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Ұлттық мерекенің мәні жайында осылай деді. Бүгін Агенттікте айтулы мерекеге орай салтанатты шара өтіп, бірқатар сала маманы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар салтанатты түрде ант берді.