Әлихан Смайылов мемлекеттік қызметкерлерге награда табыстады

Республика күніне орай мемлекеттік органдар мен компаниялардың қызметкерлері де құрметке бөленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел Президенті атынан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мемлекеттік наградалар мен Құрмет грамоталарын табыс етті. Премьер-министр кәсіби біліктілігі мен мол тәжірибесін ел игілігіне арнап келе жатқан марапат иелерінің күнделікті еңбегінің маңыздылығын атады.