Атырау облысында жасанды ұрықтандыру арқылы балалы болғандар көбейді

Атырау өңірінде жасанды ұрықтандыру арқылы балалы болғандар көбейді.

Облысқа  200-ге жуық квота бөлінген екен. Соның 185-і игерілген. Ал есепте 900-ге жуық жұп тұр.  Енді мамандар жасанды ұрықтандыру жасататындардың көбеюіне байланысты квота көлемін арттырса, дейді.

11 жыл бойы ана болуды армандаған Бақытгүл Әбенова жұбайымен келісіп, экоұрықтандыру арқылы бала сүюге бел байлайды. Оның сөзінше бастапқыда нәтиже болмапты. Тек үшінші ретте тілегі орындалған. Қазір ұлы 2 жаста. 

Бақытгүл Әбенова, қала тұрғыны:

- 11 жыл дегенде эконың арқасында баламды қолыма алдым. Енді рахмет айтамын. Осындай мен сияқты аналарға көмегін бергенін қалаймын. Қазір үкіметтен квота беріліп жатыр ғой аналарға соны пайдалансын деп кеңес беремін.

Облыста 2020 жылы 790 жұп бедеулік есебінде тұрса, былтыр олардың саны 847-ге жеткен. Мамандар жыл сайын ЭКО-ға жүгінетін ерлі-зайыптылар санының артып отырғанын айтады.

Гүлсара Басарова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс репродуктолог-дәрігері:

- Келген әйелдің 100 пайызы көтереді деп айта алмаймын. Өйткені дүниежүзілік факторда өзі солай көрсетеді. Соның 45 пайызы жүкітілікке жетіп отыр. Ал қалған пациенттердің эмбриондары қатырылулы болады. Немесе теріс нәтиже көрсетсе экопроцедураны кері бастайды. 

Биыл облысқа 200 ден астам квота бөлініп, оның 185-і пайдаланылған. Ал мамандар квота саны көбейсе дейді. Өйткені эко ұрықтандыру арқылы бала сүйгісі келетін жұптардың саны жыл сайын артып отыр. 

Асланбек Шығыр, Темірлан Сұлтанғазиев