Қызылордалық шебер түйе жүнін брендке айналдырмақ

Қызылордалық шебер түйе жүнін брендке айналдырмақ

Индира Жайылғанқызы бала күннен төменгі буындардың ангиодиплазиясы диагнозымен ауырады. Бұл – миллионның бірінде кездесетін, емі соңғы жылдары ғана Еуропада табылған дерттің түрі екен. Екі аяққа тең тұру қиындаған сәтте ұстаздық қызметін тігіншілікке де ауыстырыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ кесірлі дертке жеңілмеді.

Индира Жайылғанқызы, Арал ауданының тұрғыны:

- Әр жыл сайын. Кейде бір жылда 3-4 рет ота жасаттым. Қазіргі таңға дейін 21 ота жасаттым. Әлі де емделудемін. Осы кеше келдім 3 ай емделіп. Қазір Аллаға шүкір жақсымын. Емдемесе адам өміріне өте қауіпті.

Индира – Арал ауданының келіні. Өмірлік жарымен бірге 2 бала тәрбиелеп отыр.  Мұнда түйе шаруашылығымен айналысатындар өте көп. Сондықтан соңғы уақытта түйе жүн көрпелерін тігуді қолға алдық, - дейді кәсіп иесі. Ең бастысы – қолында дипломы бола тұра жұмыс таппай жүрген қыздарды осы кәсіп түріне баулып келеді.

Аяулым Әлімжан, Арал ауданының тұрғыны:

- Бұл тігінге деген қызығушылығым мүлде болмады. Кейін осы орталыққа келгеннен кейін құрақтың түрлерін, көрпені қалай тігу керек екенін бүкіл нәрсені үйрене бастадым. Шүкір етемін осы жерге келгеніме.

Бұл цехта тігін өндірісі бұйымдарының барлық түрі жасалады.  Ол үшін соңғы үлгідегі тігін машиналарымен және лазерлік өрнек ою технологиясымен жабдықталған.

Индира Жайылғанқызы, Арал ауданының тұрғыны:

-2020 жылы өзіммен тағдырлас 30 тігінші даярлап оқыттық. Олардың ішінде 3-4-і тұрақты жұмыспен қамтыдық. Қазіргі таңда 20-ның үстінде жұмыс жасайды. Оның 30 пайызы мүмкіндігі шектеулі азаматтар. 

Индираның ендігі арманы - шипасы мол түйе жүн бұйымдарын Арал ауданының брендіне айналдыру. Ол үшін жүнді жуып, түтіп, кептіретін бірнеше құрылғыны сатып алу мақсатында қызу еңбек ете бермек.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов