Шымкентте телемарафонға дайындық қызу жүріп жатыр

Республика күніне арналған ауқымды телемарафонға дайындық  жұмыстары Шымкентте де қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сахна «Көрме» орталығына қойылған. Барлық техникалық мамандар сақадай сай. Мерекелік бағдарламаға Майра Мұхамедқызы, Еркін Нұржанов, Мөлдір Әуелбекова, Заттыбек Көпбосын, Қайрат Түнтеков сынды эстрада саңлақтары мен жергілікті өнер майталмандары қатысады. Жалпы үш мегаполистегі айтулы шараға 150-ден астам ән мен би өнерінің өкілдері шақыртылған. Тележобаның сәтті көрсетілімі үшін мыңға жуық маман атсалысып жатыр.