Өскеменде автобус парктері жаңартылып жатыр

Өскеменде электронды билет жүйесінің енгізілуі алғашқы нәтижелерін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық көліктерде жолаушылар қатары екі есе артты. Ең бастысы шаһардағы тиімсіз және жоғары сұраныстағы бағыттар анықталды. Енді осы ақпараттың негізінде әлеуметтік маңызы жоғары, алайда шығыны көп бағыттарға қызмет көрсетілу үшін авто-парктерге субсидия төленетін болады. Ал бұл өз кезегінде  желідегі көліктерді жаңартуға септігін тигізеді. Бүгінгі күні қоғамдық көлікте жолақы төлеу үшін әмиянын ақтарып отырған адамды сирек көресіз. Жұрттың дені электронды билет, қолма-қол ақшасыз төлем дегенге үйренді.

Жолаушылардың 85 проценті осы әдісті қолданады. Оның үстіне электронды билет ақысы – 90 теңге. Ал ақшалай 130 теңге.

Нұрсұлтан Кәрібеков Өскемен қаласы жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры

Осы жүйеге көшкелі бұл саладағы жұмыс барынша ашық жүріп жатыр. Жолаушылар саны осыдан 3 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе өскен. Осылайша тасымалдаушы компанияларға субсидия бөлуге мүмкіндік туды.

Ендігі 2 миллиард теңгеге жуық қосымша қаржы бөлінді.Яғни өзін-өзі ақтамайтын бағыттар автобус жүргізіп,миллиондаған теңге шығынға ұшырайтын автопарктердің көзі ашыла бастады. 

Қымбат Базилова,тасымалдушы компания директорының орынбасары:

1956 жылдың басынан бері біздің компания 25 автокөлік алды, бізге бөлініп жатқан субсидия уақтылы,дер кезінде толық көлемде бөлініп отырса, алға қойған мақсаттарымыз көп алдағы уақытта да жаңа автобустар алуға дайынбыз.

Бұған қоса жұмысшылардың еңбекақысы да өсті. Кадр тоқтамайтын сала үшін үлкен көмек.Нұржан Қуанышұлының жолаушылар тасымалдап жүргеніне 20 жыл болыпты.Бұрын 160 мың теңге алса, қазір қолына 360 мың теңге тиеді.  

Нұржан Қуанышұлы, автобус жүргізушісі:

Жалақы көтерілгеннен кейін жүргізушілер келетін шығар деп ойлаймын. Қазір бізде жүргізушілер жетіспейді.

Қосымша көмек алған парктердегі автобустар да жаңарған. Бұны тұрғындар бірден байқап, бағасын беріп те жатыр. Дегенмен қоғамдық көліктерге деген осындай қамқорлық үздіксіз жалғасса екен дейді.

Гүлсағат Байзақова, тұрғын:

– Жолаушылар автобусы керек, әрине мұндай автобустар аз, қыста ескі автобустар суық болады.

Жыл басынан бері қалаға 52 жаңа қоғамдық көлік алынды. Жыл соңына дейін тағы 30, ал келесі жылы 70 автобус алу жоспарланған. Дегенмен автопарктердегі көліктердің тең жарытысы дерлік әлі де ескі. Субисидия үзілмей, әділ әрі ашық бөлінсе, ескінің толық жаңаратын кезі де алыс емес.

Эльмира Ахметова.Жігер Бабаханов