Қазақстанның әскери доктринасы бекітілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңартылған әскери доктринасын бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатты Қорғаныс Министрлігі басқа күш құрылымдарымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі, деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі. Құжатқа әскери-саяси және әскери-стратегиялық салалардағы қызметтің жаңа бағыттары кірді. Қарулы Күштердің жауынгерлік әлеуетін арттыру үшін енді арнайы операциялар күштерін дамыту және олардың басқа мемлекеттік органдардың арнайы қызметімен өзара іс-қимылын кеңейту көзделіп отыр. Сонымен қатар жаңа қатерлерге төтеп беру үшін мемлекетіміздің әскери әлеуеті артады. Әскери доктринаға өзгерістер енгізу туралы жарлық заңды күшіне енді.