Бүгін Астанада Кітапханашылар күні тойланды

Отандық кітапханшылар биыл алғаш рет кәсіби мерекені атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атаулы датаға орай Астананың орталық концерт залында салтанатты жиын ұйымдастырылып, кітап жанашыларының мәртебесі көтерілді. Шараға республиканың әр өңірінен өкілдер шақырылған. Еңбегімен дараланып, ерекше көзге түскендер Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың қолынан марапат алды.

Айта кету керек, елде 11 мыңдай кітапхана бар.

Гүлжамерия Қазина, кітапханашы:

– Біз үшін бұл өте үлкен мереке. Өйткені кітапханашы күні бірінші рет тағайындалып отыр. Осындай мерекені жасағанына мың алғыс. Кітапхана деген ол қоғамдағы орны ерекше. Ең білікті ақпаратты жеткізетін орын. Кітапты сүйіп, кітапты көтеру керек.