Оралда 29 аула абаттандырылды

Оралда отызға тарта аула аумағы абаттандырылып, тұрғындар игілігіне берілді.

Сондай-ақ жаңа спорт жəне балалар алаңының да құрылысы аяқталды. Қаладағы аулалардың бірін жаңғыртуға 35 миллион теңге бюджет қаржысы жұмсалған. Жоба шеңберінде тек кірме жолдар ғана емес, жарық шамдары мен орындықтар, балалар ойнайтын алаңқайлар да қарастырылған.

Дархан Еркінұлы, қалалық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Келесі жылға экспертизаның оң қорытындысын алған 19 жобалық сметалық құжаттама дайын. Яғни, сəйкес қаржыландыру болған жағдайда келесі жылы 19 аула аумағын абаттандыру жоспарда бар. Дəл осы бағдарлама секілді комплексті аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарына өтінімдер қабылдау басталатын болады.

Сондай-ақ...