loader


«Ауыл – ел бесігі» жобасының шапағатын ауыл балалары көріп жатыр

Осы жоба аясында Жамбыл облысында  спорт кешендері салынып жатыр.

Мәселен, 2025 жылға дейін Тұрар Рысқұлов ауданында ірі 6 спорт кешені пайдалануға беріледі. Үшеуінің құрылысы басталды. Бұрын аудан орталығына сабылған жас спортшылар, енді өз ауылында шыныға алады. 

Тұрар Рысқұлов ауданы олимпиада чемпиондарының ұстаханасы сынды. Ел намысын әлемдік аренада қорғаған Ермахан Ибраимов, Ислам Байрамуков, Ақжүрек Таңатаров пен Елдос Сметов сынды спорт саңлақтары, осы топырақтан түлеген. Аудан билігі чемпиондардың ізбасарларын дайындау үшін, спорт саласына көңіл бөлуде. Мәселен биыл Құлан ауылында спорт кешені пайдалануға берілді. Бұрын мектеп залында жаттыққан жасөспірімдер енді жарық әрі жайлы кешенде шынығуда. 

Ғалым Молдақұлов, бапкер:

- Спортшылар ауданға қатынайтын бәрі. Қазір станцияға осы кешен тұрғызылағалы осында балалардың бәрі. 3 мектептен бір кешенге қазір бәрі келіп. Қол жетімді, жақсы. Қуанып келеді, залымыз кең. 

Ердос Алдан, жас палуан:

- Осы спорт кешенінің ашылғанына қатарластарым қуанды. Мені тартты осы жаққа. Бәріміз бірге барайық деп осы спорт кешенге келдік. Қатысқаныма 3-4 ай болды. Сол 3-4 айдың өзінде аудандық жарысқа барып келдім. 60 келіде күресіп бірінші орын алдым. 

Заманауи спорт кешенінде «балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубы» ашылды. Мұнда 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 7 мен 18 жас арасындағы 315 бала 5 үйірмеге қатысады. Спорт бөлімі осы бағыттағы жұмыстарыды одан әрі жандандырамыз дейді.

Ерлік Шәбеев, Т.Рысқұлов аудандық спорт бөлімінің басшысы:

- 33 кіші футбол алаңы бар бәрі пайдалануға берілген. 5 стрит воркаут соғылды келесі жылға тағы да үшеуін соғу жоспарланып отыр. Үлкен орталықтарға біз 26-жылға дейін алтауы соғылса, ол 15 ауылдық округтің 50 пайызы қамтылады. 

Бүгінде Ақыртөбе, Көгершін, Ақбұлақ ауылдарында спорт кешенінің құрылысы басталған. Мамандар 2025 жылға дейін Жаңатұрмыс, Каменька, Құлан ауылындарында да заманауи кешен пайдалануға беріледі дейді. Құрылыс жұмыстары “Ауыл - ел бесігі” жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. 

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Сондай-ақ...