Елімізде WhatsApp желісі істен шықты

Бүгін қазақстандық интернет пайдаланушылар осылай деп, әлеуметтік желінің жұмысына шағымданды.

Біраз уақыт бойы қосымша арқылы аудио- мен дыбыс жазба жіберу былай тұрсын, қарапайым серверге қосылудың өзі мүмкін болмады. Мұндай олқылық көршілес Ресей мен Еуропа елдерінен де байқалған. Тіпті шетелдік басылымдар WhatsApp-қа Ұлыбритания, АҚШ және Еуропа тұрғындары 70 мыңнан астам шағым түсіргенін мәлімдеп отыр. Бұл бірнеше сағатқа созылды. Алайда дәл қазір желі қайта қосыла бастады.