Семейде мерекелік автошеру өтті

Ұлттық мереке Абай облысында да кең көлемде аталып өтті.

Бүгін Семейде республика күні құрметіне автошеру ұйымдастырылды. Қырықтан астам автомобильден құралған көлік легі көк туымызды көкте желбіретіп, әуежайдан спорт кешеніне дейінгі аралықты жүріп өтті. Автошеруге шаһардың белсенді жастары мен, көлік құмар жұртшылық қатысты. 

Алмас Айтмұқаш, автошеруді ұйымдастырушы:

- Басты мақсатымыз – елді, жерді, отанды сүюге баулу. Бүгін көк туымыз желбіреп, Абай халықаралық әуежайынан аренаға дейінгі аралықта авто шеру жүргізілетін болады. Барша тұрғындарымызды туымызды құрметтеп, отаншылық сезімін артттыруға бағытталған.