Қыс айларына қарай ковид вирусы өршуі мүмкін

Сондықтан америкалықтар жыл сайынғы екпе ретінде вакцина алуы керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ үйдің COVID-19-ға әрекет ету жөніндегі үйлестірушісі Ашиш Джа журналистермен кездесуінде осылай деп мәлімдеді. Өткен аптада Америкада 20 млн адам немесе әрбір бесінші егде жастағы азамат жаңарған вакцина салдырған. Жаңа екпенің Омикронға да оған дейінгі вирустарға да қорғаныш әсері бар екен. Жалпы коронавирустың беті әлі қайта қойған жоқ. АҚШ-та аптасына 260 мыңнан астам адам жұқтырып, 2,566 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы.

Ашиш Джа, Ақ үйдің COVID-19 жөніндегі үйлестірушісі:

- Сондықтан біздің жаңа вакцина осы қыста аурудан сақтайтын жақсы қорғаныш болуы тиіс. Жаңа ғана Ақ үйдің ресми өкілі мен прездиент айтқандай, америкалықтардың басым бөлігі үшін вирустың вакцинасын тұмау екпесіндей жыл сайын алып отыруы керек.