Басылымдар газет емес, бюллетеньге айналып барады – Еркін Қыдыр

Себебі жергілікті биліктің атқарып отырған шаруаларын тізуден қолдары тимейтіндей. Астанада өтіп жатқан медиа апталық аясындағы «Бас редакторлар форумында» «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы, журналист Еркін Қыдыр осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан кейін газет-журналға ешкім жазылмайды деп өкпелеуіміздің өзі артық екендігін айтқан ол басылымдар ең әуелі халыққа қызмет етуі тиістігін баса айтты.  

Еркін Қыдыр, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы:

- Енді неге жазбау керек ол облыстың проблемасын? Проблема жазса, газет жаман, қайта жақсы емес па? Көмектесіп жатыр емес па?  Ол сонда әкімнің газеті ме? Әлде облыстық мәслихаттың газеті ме? Халықтың бюджетінен қаржыландырылып отыр. Мемлекеттік тапсырысты берушілер өз қалтасынан төлеп отқан жоқ.