Қостанай облысы Лисаков қаласында өртенген саяжай иелеріне өтемақы беріле бастады

Қостанай облысы Лисаков қаласында өртенген саяжай иелеріне өтемақы беріле бастады

Бүгінге дейін 731 мың теңге жиналды. Қалалық қоғамдық кеңестің шешімімен бұл сома зардап шеккен 26 адамға тең бөлінеді.

Бұның алдында 10 адам жергілікті кәсіпорындардан ақшалай көмек алған. Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айының басында дала өрті салдарынан саяжай кооперативі жанып кеткен еді. От күндіз тұтанып, қатты желдің әсерінен тез таралған. Сол кезде жалын 48 үйді шарпыды.