Еліміздің әскери-теңіз күштері жас матростармен толықты

Павлодар және Шығыс Қазақстан облысынан 70 бозбала әскерге шақырылған.

Олар Ақтаудағы базаға пойызбен жетті. Алдымен, жауынгерлік бөлімнің құрылу тарихымен  және сардарлық құрамымен танысты. Сол жерде матростар 1 айлық жалпы әскери дайындықтан өтеді. Курс соңында жеке құрам алдында салтанатты түрде ант тапсырады. Бұдан соң корабльдер дивизионының түрлі мақсаттағы су көліктерінде Отан алдындағы борышын өтейді.

Аян Масықбаев, матрос:

- Отанын қорғау әр ер-азаматтың парызы. Мен өз міндетімді атқару үшін Ақтаудағы әскери теңіз күштеріне келдім. Жауынгер-теңізші формасын кию бала кезімнен арманым болатын. Енді осы атақты абыроймен алып жүруге тырысамын.