Жасыл экономикаға көшу үшін ең әуелі тиісті мамандарды даярлау қажет – сарапшы

Жасыл экономикаға көшу үшін ең әуелі тиісті мамандарды даярлау қажет – сарапшы

Бұл туралы Еуразия ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми-конференция барысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға Италия, Германия, Польша, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің ғалымдары қатысып, саланы дамыту тетіктерін талқылады. Бұл тұста  Қазақстан ғылым мен ғылыми қоғамдастыққа көбірек көңіл бөліп, қолдау көрсетуі қажеттігі айтылды. Әрі, жасыл экономиканың тұрақты дамуын жеделдету үшін Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенген абзал, дейді. Мысалы қалдықтарды өңдеу жүйесі бойынша Польша елі алда келеді. Айта кету керек, бұдан бұрын Қазақстан мен Польша бірлесіп, «Жасыл экономиканы зерттеу» орталығын ашқан.

Серік Мақыш, ЕҰУ Экономика факультетінің деканы:

- Бұл жерде біз дамыған елдердің тәжірибесін пайдалана отрып, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруды қарастырып отырмыз. Соның ішінде Польша мемлекетімен. Себебі оларда «жасыл экономиканың» көптеген аспектілері дамыған.  Сондықтан біз кадрды магистратура деңгейінде, қос дипломдық бағдарламаны даярлауды қолға алып отырмыз. Алдағы оқу жылынан іске асады деп ойлаймыз.