Қазақстан қырғыз еліне асыл тұқымды мал өткізуді жоспарлап отыр

Қазақстан Қырғызстанмен мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, екі мемлекеттің мал шаруашылығында неғұрлым тығыз экономикалық кооперацияны жолға қою, АӨК өнімдерін өндіру мен өңдеуді бірлесіп дамыту, сондай-ақ генетикалық материал алмасуда және тұқым саудасын дамытуда үлкен перспективалары бар.

«Біз Қырғызстанның тұқым нарығының қатысушыларына жаңа жоғары өнімді сұрыптардың тұқымдарын және жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалдарын өндіру және сату мәселесін қарастыруға дайынбыз. Сондай-ақ ветеринария және фитосанитария, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің генетикалық материалдарымен алмасу саласында өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамыту ниетіміз бар»,– дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев