Қазақстанда жыл сайын 40 мың адам инсульт алады

Әлемде жылына 7 миллион адам инсульттен қайтыс болады.

Ал біздің 40 мың тұрғын дәл осы дерттен көз жұмады. Оның 5 мыңға жуығы алғашқы он күнде-ақ жарық дүниемен қош айтысады. Қалғанының да көшке ілесіп кетуі неғайбыл. 60 пайыздайы мүгедек болып қалады. Мамандар осылай деп отыр. Бүгінгі «Дүниежүзілік инсультпен күрес» күніне орай өткен жиында қозғалған мәселенің бірі осы. Инсультпен күрестегі негізгі міндет - уақытылы көмекке жүгіну. Алғашқы емді дер кезінде алған адам ғана өз өмірін сақтап қала алады. Айта кеткен жөн, мұндай жиындар бүгін Астана қаласынан бөлек тағы 6 қалада өтті.