Almaty Food Fest 2022 мегаполисті айрықша қырынан танытты

Алматының гастрономиялық мүкіндігі мол. Мегаполис асқар тауларымен ғана емес, дәмі тіл үйірер асханасымен де танымал бола алады. Almaty Food Fest халықаралық фестивалін ұйымдастырушылар осылай дейді.

Сөйтіп, фестивальдың алғашқы күні қалай өтті?

Алматылық Рамазан Ахмет гастрономиялық фестивальге қатысуға алғашқылардың бірі болып өтініш білдірді. Оның жеке кәсібі  фаст-фуд өнімдерін дайындауға бағытталған. Ол көпшілікке пицца, бургер,  суши сияқты тағамдарды қазақый әдіспен жасап ұсынып жүр. 

Рамазан Ахмет, аспаз:

- Біз сушиді арнайы қазыдан жасап жатырмыз. Қазыны қайнатып қана қоймай оны біз оны арнайы дайындап жатырмыз. Сушиге. Біз оның ішіне сыр крмеентоның орнына құрттан соус жасап пісіріп жатырмыз. Елдерге ұнап жатыр. Сатылым өте жақсы боп жатыр.

Ал фуд-блогер Рохит Мовле осы шараға Үндістаннан арнайы келген. Бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары. Айтуынша, қазір әлемде FOOD FEST белең алып келеді. Әрине, ол ел мен жерді танытуға, ұлттық сал-дәстүрді насихаттауға таптырмас мүмкіндік. 

Рохит Мовле , фуд-блогер \Үндістан\:        

- Мен бірнеше елдің асханасынан дәм татып көрдім. Осында келген соң әрине ең алдымен қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы көбірек білгім келеді. Бізден ерекшелігі сіздерде барлық тағамға ет қосатынын байқадым. Ал бізде теңіз өнімдеріне басымдық береді. Осындай шараларда әр елдің ас-суымен, жалпы мәдениеттімен танысуға жағдай жасалады. Мен осының бәрін оқырмандарыма барынша жеткізіп беруге тырысып жатырмын.   

Мамандардың айтуынша, туристердің 80 проценті саяхаттарын жоспарлағанда елдің гастрономиялық жағын ескереді. Мұны әлемдік тәжірибе көрсеткен. Енді Алматы қаласы да туристерге көрікті жерлерімен қоса гастрономиялық мүмкіндіктерін ұсынбақ. 

Едіге Марғұлан, туристік ақпараттық орталық директоры:

- Біз бірінші кезекте осындай халықаралық деңгейдегі шаралар арқылы саяхатшыларды Қазақстанға шақырғымыз келеді. Әрине Алматы асқар тауларымен, әсем табиғатымен  танымал. Қаланың маңында көрікті орындар өте көп. Енді біз оған қосымша гастрономияны дамытқымыз келеді. Тек қана қазақ халқының ғана емес, Батыс, Шығыс, Азия елдерінің тағамдарын керемет әзірлейтін қоғамдық тамақтандыру орындары  бар. Соларды ел жұрт білсе екен дейміз.

Фестиваль екі күнге жалғасады. Онда танымал аспаздар шеберлік сабақтарын өткізіп, білгенімен бөліседі. Олар әр ұлттың тағамын көрермендердің көз алдында жасап береді. Оған қоса шара барысында десерт пен сусын әзірлейтіндердің байқауы өтеді.

Қарлығаш Қайыпбекова, Эдуард Кон