Жаңақорғанда ауызсу кестемен беріледі – Қызылорда облысы

Қызылорда облысында инфрақұрылымдық желілердің басым бөлігі ескірген.

Жел күшейіп, жаңбыр жауса аймақта алдымен жалп етіп жарық сөнеді. Әсіресе, Жаңақорған ауданындағы электр желілерінің 50%-і жаңартуды қажет етіп тұр.

Одан бөлек, ауызсумен қамту жобалары оң нәтиже берер емес. Алдымен «Ақбұлақ» кейін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 7 жылда 11 миллиард теңге жұмсалса да Жаңақорған ауданы елді мекендерінің жартысына су сағатпен беріледі. Бас су тоғанындағы ұңғымалары бірінен соң бірі істен шығып, салдарынан 43 мыңдай халық жарытып су іше алмай отыр. Шалғай ауылдар түгілі аудан орталығында кесте бойынша ауызсу берілетін аумақтар бар. Мамандар халықты ауызсумен қамту үшін келер жылы бес ұңғыма қазуды жоспарлап отыр.

Мұрат Тілеуімбетов, Жаңақорған ауданының әкімі:

- Жиделі су торабынан қазір Тақыркөлден кент орталығына және жолдағы 5 ауылға 2-желі тартылып жатыр. Кент орталығында қазір 35 мыңдай халық тұратын болса, кейде су тапшылығы болатыны белгілі ғой.

Жаз айында су тапшылығы болады. Биылғы жылы 100 млн тг игеріп болдық, келесі жылы 680 млн тг ақшасы бөлінеді. Сонымен толық Жиделі су торабынан да Тақыркөлден