Ернат Еуропаға сапар шегеді

Ернат велосипедпен Ыстамбұлға жетті. Әріптесіміз, «Хабар 24» арнасының тілшісі Ернат мұнымен тоқтап қалмақ емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түпкі мақсаты Қазақстанды, одан әлемді аралап шықпақ. Биылғы сапарын Түркияда жатқан Мұстафа Өзтүріктің басында аяқтаса, 2024 жылы дәл осы жерден бұйырса, Еуропаға аттанады. Өйткені есіл ердің біраз өмірі Еуропамен байланысты. Германияда тұрды. Таэквондо мектебін ашты. Әрі сол 2024 жылы Мұстафа Өзтүріктің 70 жылдығы. Тағы бір себеп 2024 жылы Францияда Олимпиада өтеді.