14 жастағы павлодарлық nail-индустрияда әлем чемпионы атанды

Бұл туралы жеңімпаз Арулат Мухаметқали Instagram-аккаунтында қуанышты жаңалығын бөлісті. Тырнақ әрлеу сервисінің 14 жастағы шебері қолдау білдірген ата-анасына, тәлімгеріне және облыс әкімдігіне алғыс айтты.

«Сүйінші! Достар, құттықтап қойсаңыздар болады, өз категориямда nail-индустриясының Әлем чемпионы атандым. Қуаныштымын, ұйқысыз түндер бекерге кетпеді... Әрбір чемпионат өзімді шыңдауға және алға ұмтылуға мүмкіндік береді», – деп жазды жасөспірім.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов nail-стилисті жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыруды, жаңа мақсаттар мен жеңісті күндер тіледі.

Арулат Мухаметқали бұған дейін «Ертіс дарыны-2021» жастар сыйлығының иегері атанған еді.