loader

Қазақстанның Әскери-теңіз күштері сарбаздармен толықты ҚазАқпарат

Қазақстанның Әскери-теңіз күштері сарбаздармен толықты

Ақтау гарнизонының Әскери-теңіз базасына пойызбен 3 мың шақырымнан аса жол жүріп өтіп, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан әскерге шақырылғандардың алғашқы легі жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігі хабарлайды. Жас сарбаздарды әскери оркестрдің сүйемелдеуімен күтіп алды. Матростарға бөлімшенің командалық құрамы таныстырылып, олар қызмет ететін әскери бөлімнің тарихы жайлы айтылды.

Бастапқыда әскерге келгендер негізгі оқу пәндерінен бір айлық жалпы әскери дайындық курсынан өтеді. Сабақтарды аса тәжірибелі және барынша дайындалған офицерлер мен старшиналар жүргізеді.

Жас жауынгерлер курсынан және әскери ант беру рәсімінен кейін теңізшілер Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі корабльдер дивизионындағы жауынгерлік кемелерде қызмет ететін болады.

Сондай-ақ...