loader


Әскери байланысшылардың төл мерекесі тойланды

Бүгін әскери байланысшылар күні. Бұл сала Қазақстан армиясының маңызды құрамы. Әскери байланысшыларға  күрделі міндеттер мен зор жауапкершілік жүктеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарулы Күштердің күнделікті жауынгерлік міндеттерін дұрыс орындауы дәл осы кәсіп иелерінің жұмысымен тікелей байланысты. Елімізде мұндай мамандарды  Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты оқытады.

Айта кетейік, бұл – байланыс әскерлеріне офицерлер дайындайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны.  2001 жылы құрылған. Оқыту бағдарламасы 5 жылға лайықталған. Осы уақыт ішінде білім ошағынан 700-ден аса офицер-байланысшы түлеп ұшты. Бүгінгі таңда олардың барлығы Қазақстанның Қарулы Күштері мен әскери құрылымдарда жауынгерлік борыштарын өтеп жүр.

Қайрат Нұрғалиев, Байланыс кафедрасы бастығының орынбасары:

- Институт қабырғасында курсанттар шыңдалып, байланыстың жік-жігін біліп ұйымдастыруын біліп, техникалық сипаттамаларын үйреніп оны әскерде қолдана алады. Бізде қазір анологтық радиостанциялармен қатар сандық радиостанциялар түсіп жатыр. Радиостанциялар үйреніп білімін алып дағдыланып әскерге бірінші лейтанент шенімен әскерге барып қызметін әрі қарай жалғастырады.

Сондай-ақ...