Интернет сапасы министрлік бақылауында

Сәл-сәл шыдау керек. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Бағдат Мусин елде интернет мәселесі реттеліп жатқанын, тек сабыр сақтау керектігін ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыркүйектің соңында республикадағы инфрақұрылымға жаппай жабуыл жасалғаны белгілі. Қазір оның себебі мен салдары анықталып жатыр. Зерттеу мақсаты – ақпараттық қауіпсіздікті арттыру. Жалпы елде соңғы уақытта интернет сапасына шағымданушылар көбейді. Министр байланыс операторларына 270 млн теңге айыппұл салынғанын атап өтті.