Бүгін Үкіметте Ұлытау өңірінің 2026 жылға дейінгі кешенді даму жоспары қабылданды.
Осы уақытқа дейін республикалық және жергілікті бюджеттен 1,8 триллион теңге бөлу көзделген. 9 бағыттан тұратын құжат индустрия, шикізат, кәсіпкерлік, агроөнеркәсіп, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық сынды салаларды қамтиды. Азық-түлік өндіру мақсатында құны 45 миллиард теңгеден асатын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Әлеуметтік сала да кенжелеп қалмайды. Мәселен, Жезқазғанда перинаталдық орталық, ал Жаңаарқа мен Ұлытау аудандарында 14 фельдшерлік-акушерлік кабинет ашылмақ. Мектеп, балабақша және спорт орталықтары да салынады. Халықтың тұрғын үй мәселесін шешу үшін де едәуір қаражат бөлінеді.
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі: