Қаскелеңдегі жол мәселесін Президент жеке бақылауына алды

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Қойтас деп аталатын көшелердің ойдым-ойдым болған жолдарымен тұйық көшелерге кіріп шығудың қиындығы туралы кеше жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз.

Бүгін Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов тұрғындармен кездесіп, мәселенің шешілетінін, бұл жағдайды Президенттің өзі назарда ұстап отырғанын жеткізді. Аудан әкімінің кездесуін тұрғындар видеоға түсіріп, біздің арнаға жіберді. Олардың айтуынша, мәселе 2017 жылы қаланың бас жоспары өзгерген соң туындаған. Соның салдарынан 200-ден аса үйі бар төрт көшенің тұрғындары тығырыққа тірелген. Ал орталыққа шығар жол жаңа бас жоспар бойынша кәсіпкерлерге өтіп кеткен.

Жасұлан Естенов, Қарасай ауданының әкімі:

- Президент өзінің назарында ұстап отыр, біледі сіздердің проблемаларыңызды. Мына иелерімен мына сіз айтқан бизнесмен кісі бар осылай шешеміз. Қазір енді сіздер талап қойып отырсыздар көшені былай қарай шығару керек деп. Сол үшін соны біз орындаймыз. Мынау жерді жекеменшік екен, мұны да шақырып иесімен сөйлесеміз. Қазір мынау бар көшені реттеп, асфальтын салып, солбылардың былай кіріп кеткендерін түзетіп қоюымыз керек. Бұл жерде ең бастысы,  жердің мәселесін шешіп алсақ, әрі қарай біз бәрін атқарамыз ғой. Қаражат бөлінеді, жобасын жасаймыз. Асфальтын салайық, светін салайық, электр энергиясын жаңалайық.