Оралда электр желісін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Қарашаның алғашқы күнінен ақұлпаға оранған Оралда коммуналдық кәсіпорын көшені қардан тазарту жұмыстарына кірісті.

Әзірге үш бағытта 40 шақты техника жұмылдырылған. Сонымен қатар үзілген электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Техникалық ақау Екінші жұмысшы, солтүстік-шығыс шағын аудандары, қала орталығы және Зачаганск кентінде болған. Дәл қазір 3 мыңға жуық абонент жарықсыз отыр. Әкімдік өкілдері түнге дейін негізгі желілер толық жөнделетінін хабарлады. Айта кету керек, Оралда электр желілерінің 80%-і тозып тұр.

Мирас Мүлкәй, қала әкімінің орынбасары:

- Біз барлық желілерге электрді бүгін береміз, бірақ та столбадан үйге кіретін сымдары, заявкалары (кейінге) қалуы мүмкін. БҚО-ның кешенді даму жоспары бекітілген болатын. 8 млрд теңгеге жуық қаражаты осы Орал қаласында орналасқан электр желілерін қайта құру жұмыстарына көзделіп отыр.