Ресейдің Волгоград қаласында болған коммуналдық апаттан кейін елімізде судың сапасы тексерілмек

Өткен жұмада кәріз коллекторы өтетін бетон каналы құлап, магистральдық құбыр зақымданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайға байланысты беткейдегі топырақ Царица өзеніне түсіп, содан кейін Еділге лас су аққан. Құбырларды қалпына келтіру үшін қаланың екі орталық аймағында сумен жабдықтау жүйелері істен шығарылды. Салдарынан 200 мың адам сусыз және жылусыз қалды. Енді «Қазгидромет» мамандары Атырау өңірінде Еділмен байланысты өзендеріндегі судың сапасын тексереді.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мамандар су сынамасын алу үшін Құрманғазы ауданына барды. Химиялық талдау жүргізілгеннен кейін нәтижесін хабарлаймыз, -деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ...